Өз жеріндегі «ӨГЕЙЛЕР»

Atr.kz/20 қазан, 2020 жыл. Азғыр өңірі. Атырау қаласынан 600 шақырым қашықтағы құм өресі бағзыдан осылай аталады. Шалғай аймақты қоныс қылғандар саны қағазда басқаша болғанымен, күнделікті сол аймақтың ауасымен тыныстап, суын ішіп отырғандар анағұрлым аз. Бұл жерден арман қуып аттанатындар да баршылық, бірақ жастардың көпшілігі қалаға күнкөріс қамымен кетеді. Өкініштісі, олардың атакүлдікке қайта оралғысы келмейді. Себеп […]

Continue Reading

ӨНДІРІСІ ЖОҚ Жайық жағалаған жұртты не толғандырады?

Atr.kz/16 қазан, 2020 жыл. Қаламен шектес Махамбет ауданына алғаш келген адам жаңашылдықты бірден байқайды. Даңғарадай үйлерінің шатыры да әр түспен жабылған, қақпа алдына қаңтарылған әдемі көліктердің маркасы да сан түрлі. Жо-жоқ, мұндағылардың бәрі шылқыған бай емес. Бірақ, «соңғы үлгідегі» дәулетіне қарап-ақ ауыл адамдарының тұрмысын білуге болады. Әйтсе де, өріс толы малын бағып, одан қалса жер еміп […]

Continue Reading

Жәрдемақыға үй жалдап жүр: атыраулық алты баланың анасы қазіргі жағдайы туралы айтты

Елімізде жарияланған карантиннен талай адамның екі қолына бір күрек таба алмай, қиналғаны рас. Жұмыссыздықты бір ауыз сөзбен жеткізсек, ол – кедейлік. Яғни, ішер асқа, киер киімге, тұтынар затқа ақша таба алмау. Қарапайым қағида: «Еңбек етсең, емерсің». Жақсы жағдай, жайлы тұрмыс – бәрі адал еңбектің арқасында келеді. Еңбек деген – күнелтіс көзі, еңбек деген – ақша. […]

Continue Reading

Сорға салынған балабақша: Жылыойда бөбекжай жұмысын неге тоқтатты?

Құлсарыға жақындап келеміз. Басымызда сан сауал.  Мұнайлы өңірдің күретамыры саналатын аудандағы ахуал қандай? Жергілікті жұртты не толғандырады? Ауқымы үлкен ауданда болатын уақытымыз да шектеулі. Таңмен таласа жолға шыққан себебіміз де сол еді. Ресми жұмыс уақыты басталып, таңертеңгі қарбалас басылған кезде біз де аудан орталығына келіп кірдік. Биыл әлеуметтік жобаларға жергілікті бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде […]

Continue Reading

Ойыл қайда? Жоғалған өзеннің жыры

atr.kz/18 қыркүйек, 2020 жыл.   Ойыл көздің жасы еді,Ойылдан елді көшірдің!..Бұл – Асан Қайғы бабаның бұдан бес ғасыр бұрынғы сөзі. Шынында, бүгінгі Ойыл өзенінің арнасын көргендежыларман боласыз. Халық алдымен ауыл-үйдегі жиын-тойда, сосын әлеуметтік желіде дабыл қақты. Өйтпегендеше? Төрт түлікке қарап отырған жұрт тығырыққа әбден тірелді. Шаруагердің де шаруасы шатқаяқтап тұр.Биылғыдай қуаңшылықта қолдағы малды қыстан алып шығудың […]

Continue Reading