Блиц сұхбат
«Атырау» газетінің интернет ресурсында жаңа айдар жарыққа шықты
Облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің ақпараттық ресурстарында тағы бір жаңа айдар – «Блиц сұхбат» қолға алынды. Біз мұнда көпшілікті толғандырған сауалдарды қала тұрғындары мен қонақтарына қойып, олардың шынайы жауабын аламыз.
Жаңа айдардың алғашқы шығарылымында бүгінгі күннің өзекті мәселесі болған «Көктемгі су тасқыны кезінде Атырауда болдыңыз ба? Әлде бас сауғалап кеткендердің ішінде сіз де барсыз ба?» деген сауалдарды тұрғындарға жолдаған едік.
Айта кету керек, «Блиц сұхбат» әртүрлі сауал төңірегінде аптасына бір рет, әр сейсенбі сайын жарыққа шығады. Бұған дейін әлеуметтік желілерде облыс айнасы – «Атырау» тарихынан сыр шертер «Газет жылнамасы» айдарын оқырман назарына ұсынған болатынбыз.
Сурет: bcs-express.ru