ЖЫЛЫОЙДА ЕКІ БАЛАБАҚША ЖӘНЕ ЖАТАҚХАНА САЛЫНДЫ

whatsapp image 2021 09 27 at 17.26.00 Білім

Құлсары қаласында Мұрагер және Береке ықшам аудандарында салынып жатқан 280 орындық екі балабақшаның құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Жылыой ауданының әкімі​ Халел Жамалов​ биылғы 8 айдағы жұмыс барысын баяндаған​ брифингте айтты.

Сонымен қатар, Сафи Өтебаев атындағы мұнай және газ техникалық колледжінде 60 орындық жатахана құрылысы аяқталды.

«Ауданда 3 қатарлы 580 орындық мектептің құрылысы аяқталды. Бұдан бөлек, Тұрғызба және Қосшағыл ауылдарындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары да​ аяқталуда» деді аудан әкімі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз