Жарнама
Білім

Жүзден жүйріктер марапатталды

Атырау облысында 2023-2024 оқу жылында халықаралық, республикалық пәндер олимпиадасы мен конкурстардың жүлдегерлеріне арналған «Дарындыға дара жол» атты марапаттау іс-шарасы өтіп, оқ бойы алға озып дараланған бірқатар оқушы ұлығыланды.

Шара шымылдығын түрген облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова Қазақстанның дамыған ел қатарына қосылуының кілті сапалы, қолжетімді және заманауи білімде екенін айтып, халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың, зияткерлік олимпиадалар мен мамандандырылған конкурстардың республикалық кезеңінің І, ІІ және ІІІ орын жүлдегерлеріне басқарманың Алғыс хаты мен ақшалай сертификатын табыстады.
Қазақстанның бәсекеге қабiлеттi елдер қатарына қосылуында өскелең ұрпақтың ой-санасы мен қабілеті аса маңызды. Оны тәрбиелейтін – ұстаз. Расында, оқушының шығармашылыққа ұмтылысы мен қабілетін байқап, ұштайтын, әрқашан қолдайтын ұстаздардың еңбегі өлшеусіз.

Іс-шарада “Үздік педагог-2023” байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы, шәкірттері 2022 жылғы Қанипа Бітібаева атындағы олимпиаданың республикалық кезеңінің күміс медаль, 2024 жылы алтын медалін иеленген, 2023 және 2024 жылдары 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың республикалық кезеңінің алтын медаль иегерлері атанған облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жайнагүл Сыдихова мен ата-аналар атынан сөз сөйлеген Гүлнар Тегіспаева жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Ел ертеңі білімді жастардың қолында. Ешқашан сарқылмайтын, өмірде бағыт бағдар беріп, мыңдарды жығатын күш ол — білім. Білімнен мықты қару жоқ. Жастардың сол біліммен жасаған аз ғана талпынысы әлемнің жақсаруына үлесін қосатыны анық.
Әрі қарай облыстағы дарынды шәкірттерге қолдау білдірген қалалық, аудандық білім бөлімінің басшылары мен облыстық білім беру мекемелерінің директорлары білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығының Алғыс хатына ие болды. Оны аталған орталықтың директоры Руслан Сарбалин табыстады.

Айдарбек АҚАРЫС

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button