Жарнама
БілімСаясатҚоғам

«Жастар жылынан» жастар не күтеді?

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі – табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде талқыланды.

1

Оқытушылар мен студенттер алдында сөз алған «Өнер және мәдениет» бөлімінің меңгерушісі Дәулет Сәлімов Жолдаудың маңызды бөлімдеріне жекелей тоқталды.

– Келер жылды күтпей еліміз әлемдік саяси және экономикалық трансформация үдерісінің күшею кезеңіне айрықша қадам басты. Президент тапсырмаларын мүлтіксіз орындау тек мемлекеттік қызметкерлердің ғана емес, барша қазақстандықтардың міндеті деп санаймын. Сондықтан ортақ іске жұмыла жүріп атсалысуымыз қажет,- деді ол.

одолд

лролр

Одан кейін сөз алған қоғамдық пәндердің жоғары санатты оқытушысы Мәншүк Нұртазина маңызды құжаттан туындайтын әр міндетке кеңінен түсінік берді. Әсіресе, халық табысының өсуі, тұрмыс сапасының артуы мен өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру мәселелерін талқыға салды. Сондай-ақ, азаматтардың сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат пен еліміздің  сыртқы саясатына байланысты пайымды пікірімен бөлісті.

Өз кезегінде студенттер де көкейде жүрген ойларын ортаға салды. Мәселен, «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының студенті Ақторғын Ғұмар «Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру» бағытындағы бірқатар ұсыныстарын ашып айтты. «Бүгінде жастар мен жас отбасыларға көптеген әлеуметтік көмектер көрсетілуде. Жолдауда көрсетілгендей, бұл іс заңды жалғасын тауып, қайта жанданатын болады. Сондықтан, жастар жаңа идея іздеп, болашаққа тың жоспар құра білуі керек деп ойлаймын.  Бұл үшін өңірде барлық жағдай жасалған, мүмкіндік мол» деді ол.

Ал, «Технология» тобының студенті Гүлжан Хасанова 2019 жылдың «Жастар жылы» болып жариялануына орай өз көзқарасын білдірді. «Біз бұл бастаманы зор ризашылықпен қабылдадық. Өйткені, келесі жылы жастар мәселесіне үлкен көңіл бөлінбек. Енді берілген мүмкіндікті пайдаланып, жауапкершілікпен жұмыс атқару ғана қалып отыр» деді ол.

Шараны қорытындылаған бөлім басшысы Жолдаудың әр тарауында айтылған міндеттерді бірлесе орындауға шақырды.

иси

рарап

Аман ШАМАР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button