
Жаңа белеске бастар жол
Білім саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер ретінде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан “Жайлы мектеп” ұлттық жобасын қолдаймын. Бұл – тек жаңа мектептер салу ғана емес, бүкіл ұлттың келешегіне салынған іргетас деп білемін.

Қазір қала мен ауыл арасындағы білім беру деңгейіндегі айырмашылық айқын сезілетін еді. Аталған жобаның аясында ауыл балаларына да қолайлы, заманауи оқу ортасын ұсыну – ел болашағына жасалған үлкен қадам. Әсіресе, мектептердің техникалық жағынан жоғары деңгейде жабдықталуы, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жеке блоктардың қарастырылуы, отандық өндірісті қолдауға басымдық берілуі – құптарлық іс.
“Келешек мектептері” деп аталған бұл нысандар шын мәнінде еліміздің зияткер ұрпағын тәрбиелеуге арналған қасиетті ордаларға айналарына сенемін. Ұлттық жоба аясындағы игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, еліміздің білім беру жүйесінің сапалық деңгейі жаңа белеске көтеріледі деп үміттенемін.
Әдила ҚУАНДЫҚОВА,
білім саласының ардагері
Құрманғазы ауданы