Жарнама
Білім

«Жайлы мектеп» – сапалы білім беру кепілі

«Жайлы мектеп» жобасы – еліміздің білім беру жүйесінің сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған ауқымды және маңызды бастама.

Әр мектеп оқушыны болашаққа жетелейтін бағдаршам, сондықтан жас ұрпақтың білім алу жағдайы тек жайлы емес, заманауи әрі тиімді болуы тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстар педагогикалық құрамды арнайы тәртіпке сай қабылдап, олардың біліктілігін арттыруға арналған курстардан өткізу арқылы да жүзеге асырылады. Ұстаздардың деңгейі мен біліктілігін арттыру оқу процесінің сапасын жоғары деңгейге көтеруге ықпал етеді.
Егер облыста осындай білім ордаларының саны артып, жобаның жүзеге асырылуы нәтижесінде білім сапасы арта түссе, көптен күткен межеге қол жеткізер де едік. Кемел келешекке жол салатын жаңа бастама ұрпақтың интеллектуалдық, шығармашылық және рухани дамуына серпін беріп, елдің келешегіне айтарлықтай үлес қосатынына сеніміміз мол. Осылайша «Жайлы мектеп» жобасы – білім беру саласындағы сапалы өзгерістердің бастауы әрі еліміздің болашақ ұрпақтары үшін тиімді әрі заманауи білім берудің кепілі.

Орынтай МОЛДАШҚЫЗЫ,

облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button