ЖАҢАШЫЛДЫҚ БАСТАУЫ

Әлемдік білім беру кеңістігіне ену жағдайында еліміз қазақстандық білім беру жүйесін қайта жаңғырту үстінде.
Әр облыста құрылған «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалдары педагогтер біліктілігін арттыру бағытында ауқымды істерді атқарып, мамандардың әлемдік іс-тәжірибені меңгеруіне зор мүмкіндік жасады. Сондай-ақ, әйгілі Кембридж университетінің ұстаздарымен жүзбе-жүз кездесіп, өзара тәжірибе алмасуымызға ықпал етті.

Аталмыш институттың Деңгейлік бағдарламалар орталығынан біліктілігімді арттырған мен бүгінде заманауи талаптар жағдайында алған теориямды практикамен ұштастырып, ұстаздық еңбектің қыр-сырын меңгеруге жол ашты. «Өрлеу» менің кәсіби өрлеуіме, болашағыма бағыт пен бағдар берді. «Мұғалім – өзінің білімін көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімділігі жойылады» деген бар. «Өрлеу» мұғалімдерге ізденістің үлкен мүмкіндіктерін ашып отыр.

Қайрат ҚИМАТОВ,
Қ.Сәтбаев атындағы
№19 орта мектептің мұғалімі,
Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз