Жарнама
Білім

ЖАҢА ФОРМАТТАР – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Махамбет ауданындағы Ақтоғай орта мектебі шағын ұжым болса да, ұстаздары жаңа технологиядан қалыс қалмай «Назарбаев зияткерлік мектептері» жанындағы деңгейлік бағдарламалар бойынша білім жетілдіру курсынан өтіп, бүгінде өз тәжірибелерін шыңдауда. Соның бірі математика пәнінің мұғалімі Ажар Әжікенова бір айлық іс-тәжірибе кезінде алған білімін ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар арасында кеңінен пайдаланып келеді. Осы орайда, «Оқытудың жаңа технологиясына сіздің көзқарасыңыз?» тақырыбында ол «дөңгелек үстел» өткізді. Шараға қатысқан ата-аналар бүгінгі сабақ беруде, оқушылардың ізденісін арттырып, сөздік қорларын дамытуда жаңа технологиялардың әсері зор екеніне көз жеткізді.

«Расымен де білім беру жүйесіне жаңа әдістер қолданысқа енгеннен бері оқушылардың ізденістері артып, өз шығармашылықтарын ұштай түсуіне жол ашып отырғандығы байқалады. Ендігі уақытта білімді шәкірт тәрбиелеуде жаңа технологияларды жүзеге асырудағы жұмысты арттыру қажет» дейді ата-аналар атынан сөз алған Дария Қожырақова.

           Гүлмира СҮНДЕТОВА,
Ақтоғай орта мектебі директорының
 тәрбие істері жөніндегі орынбасары.
Махамбет ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button