Жарнама
Білім

ҮЗДІКТЕР – ҚАЛА ӘКІМІ ҚАБЫЛДАУЫНДА

Түлектердің білім сынағы қарсаңында Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев атыраулық дарынды балаларды қабылдап, сәттілік тіледі.

— «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» үміткерлеріне сәттілік тілеймін. Мемлекет сіздерге сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасауда. Осыны әрқашан ұмытпай, ел игілігіне еңбек етуге тырысыңыздар, — деді шаһар басшысы Нұрлыбек Жұмахметұлы.

Айта кетсек, атыраулық түлектер маусым айының 2-сі, 4-і және 6-сы күндері үш лекте Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде базалық филиалда тестілеуден өтетін болады.

Кездесу барысында «Алтын белгіге» үміткер №34 мектеп-гимназиясының түлегі Әлішер Қайырболатов, Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында өткен халықаралық ғылыми жоба сайысында жүлдегер атанған Абай атындағы №15 орта мектептің түлегі Таң-сұлу Тұрдалиева, «Үздік аттестатқа» үміткерлер А.Пушкин атындағы №20 орта мектептің түлегі Алина Твердохлеб пен №8 орта мектептің оқушысы Виолетта Добрая сөз алып, қала басшысына білдірген сенімі үшін алғыс айтты.

Шара соңында үздік түлектер қала әкімінің арнайы ескерткіш сыйлықтарымен марапатталды.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button