Білім

Utebayev university талапкерлерге грант беруде

Атырау қаласындағы Utebayev university талантты, білімді, белсенді жастарды қолдау мақсатында 10 талапкерге грант береді. Мемлекеттік грант ала алмай қалған “Алтын белгі”, “Үздік аттестат” иегерлері, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен спорт шеберлері, әртүрлі республикалық және халықаралық ғылыми жобалардың лауреаттары конкурс негізінде тегін білім алу мүмкіндігіне ие болады. Грант конкурсына ҰБТ-дан 85 баллдан жоғары ұпай жинаған талапкер қатыса алады.


Атырау мұнай және газ университеті өңір жастарын қолдау, таланттардың тұрақтауына, индустрияның мықты мамандарын қалыптастыруға ықпал ету мақсатында жыл сайын арнайы гранттар мен оқу ақысына жеңілдіктер ұсынады.

Сонымен қатар, өңірдегі ірі компаниялар мен кәсіпорындар болашақ мұнайшылардың тегін оқуына қолдау көрсетіп, гранттар бөліп отыр. Толық ақпаратты университеттің Қабылдау комиссиясы арқылы білуге болады.

Мәлике МӘЛІК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button