
UTEBAYEV UNIVERSITY ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ АУҚЫМДЫ “BETT SHOW 2025” КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСАДЫ
Атырау мұнай және газ университеті 2025 жылы Лондонда өтетін халықаралық BETT SHOW-2025 көрмесіне қатысады. Университет студенттері мен ғалымдары көрмеде ерекше жоба — “VR виртуалды кен орны” технологиясын таныстырады.

Бұл жоба виртуалды шынайылық арқылы мұнай-газ кен орындарын зерттеп, тәжірибелік дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік береді. Инновациялық бастама білім беру сапасын арттырып, саладағы жаңа технологияларды қолдану мүмкіндіктерін көрсетеді.
-Әлемнің түкпір-түкпірінен 35 мыңнан астам оқушылар мен мамандардың басын қосатын ең үлкен көрмеге UTEBAYEV UNIVERSITY мүмкіндігіне ие болды. Бұл жиында білім беру сапасын жақсартуға көмектесетін жаңа технологиялар мен инновациялық шешімдермен таныстырылады. Жобаға еліміздің 6 жоғары оқу орны қатысады. Соның ішінде UTEBAYEV UNIVERSITY-де бар, — деді Басқарма төрағасы-ректор Гүлзада Шакуликова.

BETT SHOW — білім беру саласындағы ең ірі халықаралық көрмелердің бірі, онда әлемнің түкпір-түкпірінен келген ұйымдар өз жобаларын ұсынып, тәжірибе алмасады. UTEBAYEV UNIVERSITY-дің бұл көрмеге қатысуы Қазақстанның білім беру және ғылым саласындағы жетістіктерін әлемге танытуға үлкен қадамы.