«Ұстаз» алғашқы түлектерін ұшырды (+ФОТО)

img 20220525 wa0110 Білім

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің жанынан құрылған дарынды ер балаларға арналған «Ұстаз» мектебінің алғашқы түлектеріне арналған «Сыңғырла соңғы қоңырау» деген атаумен салтанатты шара өтті.

Жас түлектерді ректор Саламат Идрисов, Атырау облыстық білім сапасын бақылау департаментінің басшысы Гүлназ Сүлейменова, филология ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Жүсіп, оқу орнының ардагер ұстаздары, оқытушы ғалымдары мен түлектердің ата-аналары құттықтап, сәт-сапар тіледі.
— Еліміздің өркениетті ел болып, сапалы ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздардың алатын орны ерекше. Сол жолда сіздер аянбай тер төгіп, білім сапасына, саналы жастардың дамуына үлкен үлес қосып жүрсіздер. Бүгінгі күн – ертеңгі тарих. Бұл күн тарих беттерінде мәңгіге сақталары сөзсіз. «Ұстаз» мектебінің қоғам үшін де, мемлекет мүддесі үшін де орны ерекше екенін айта кетіп, бүгінгі түлектерді шын жүректен құттықтаймын. Алдағы емтихандардан сүрінбей өтіп, қалаған мамандықтың иесі болуға тілек білдіремін», – деді Саламат Нұрмұханұлы.
Болашақ ер мұғалімдерді даярлайтын «Ұстаз» мектебінде 10-11 сынып оқушылары оқиды. Оның ішінде, биыл 63 оқушының 38-і мектеп бітіріп, алтын ұясымен қоштасқалы отыр. Биылғы мектеп бітіруші түлектердің арасынан 8 оқушы «Алтын белгіге» үміткер және 2 оқушы «Үздік аттестатқа» лайықты деп танылған. «Ұстаздықтар» түрлі деңгейдегі білім, спорт жарыстарында жүлделі орындарға ие болып, мектеп пен университеттің абыройын асқақтатып келеді.
Шара барысында бітіруші түлектер өнер көрсетіп, ұстаздарына арнаған жыр жолдарын оқыыды. Салтанатты жиын соңында шараға қатысушылар университет ауласына көшет отырғызды.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз