Жарнама
Білім

Университеттер ғылым мен бизнестің байланыс орталығына айналуы тиіс

Ел Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ғылым мен технология саласындағы жүйелі реформалар еліміздің интеллектуалдық және технологиялық дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отыр. Бұл – Қазақстанның шын мәнінде инновациялық мемлекетке айналу бағытын таңдағанының айқын дәлелі.

e6326cc9 57f1 46fb a0cc 81b883cc08bd

Атап айтқанда, зерттеу университеттері институтының дамуы – ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған маңызды қадам. Өндіріс пен ғылымды ұштастыра отырып кадр даярлау – бүгінгі заман талабы. Бұл ретте біздің Атырау мұнай және газ университеті де өз үлесін қосып келеді. Бүгінде біз мұнай-газ секторына қажетті жоғары білікті инженерлер мен зерттеушілерді даярлап қана қоймай, ғылыми жобалар арқылы өңірлік өндірістік кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатып отырмыз.

Ғалымдарды қолдау тетіктерінің күшеюі – ғылым жолындағы жастарға үлкен мотивация береді. Жалақының, ғылыми атақтарға берілетін үстемақылардың артуы, TRL халықаралық стандарттарының енгізілуі – ғылымды тек академиялық емес, сонымен бірге тәжірибелік және нарыққа бейімделген салаға айналдыруға мүмкіндік беретін нақты қадамдар.

Осы бағытта біз де белсендіміз: университет ғалымдары өңірлік компаниялармен бірлесіп қолданбалы зерттеулер жүргізіп келеді. Қазіргі таңда экологиялық мониторинг, мұнай қалдықтарын қайта өңдеу, өндіріс қауіпсіздігін арттыру сынды бағыттар бойынша жобалар іске асырылуда. Бұл жобалар тек ғылыми нәтижелер беріп қоймай, нақты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған.

Бизнес пен ғылым арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында еліміздегі ірі индустриялық компаниялармен әріптестік байланыс орнату, ғылыми идеяларды коммерцияландыру – бұл ғылымның өміршеңдігін арттыратын стратегиялық басымдық. Мұндай бастамалар өңірлік жоғары оқу орындары үшін де өзекті. Біздің университет осы мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдаланып келеді. Жуырда С.Өтебаев университетінде диссертациялық кеңес ашылды.

Ғылымды цифрландыру бағытында қолға алынған цифрлық ғылым порталы – зерттеушілер үшін ашықтық пен қолжетімділікті арттыратын заманауи құрал болады деп сенемін. Сондай-ақ, жас ғалымдарды қолдау бағытындағы нақты жұмыстар еліміздің болашақ ғылыми элитасының қалыптасуына жол ашады.

Жалпы алғанда, елімізде ғылым мен технологияның жаңа деңгейге көтерілуі – бұл тек сала ішіндегі өзгеріс емес, бұл – елдің стратегиялық бағытының көрінісі. Біз, жоғары оқу орындары, осы трансформацияның белсенді қатысушылары ретінде білім мен ғылымды өндірістік ортаға жақындатып, инновациялық идеяларды қолдауды және оны нақты экономикалық нәтижеге айналдыруды мақсатымыз деп білеміз.

Асылбек ҚАНБЕТОВ,
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Н.Надиров атындағы мұнай-химия инженериясы және экология институтының деканы

Сурет: egemen.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button