ҰБТ: Тестілеуді тапсыру жалғасуда

Білім

Өңірде мектеп бітірген 5 831 оқушының 4 274-і тестілеуге өтініш берген, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен тікелей эфирде Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова мәлімдеді. 

 Биылғы оқу жылы мектеп бітірген 5 831 оқушының 272-сі «Алтын белгіге»,  212-сі «Үздік аттестатқа»  ие болды. 2020 -2021 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеу жаңа форматта өткізілді. Ұлттық бірыңғай тестілеу әрбір мектеп бітіруші түлекке 2 мәрте бақ сынап көруге  мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі таңда тестілеу тапсыру жалғасуда. Тестілеуге өтініш берген оқушы саны – 4274. Орта бал – 76,5. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда жоғары көрсеткіш (4 518 оқушы тестілеуге қатысқан, орта бал – 57,6). Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық басқарма тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда, – деді Айнагүл Дүйсекенова.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз