Жарнама
БілімСаясат

Тың бастамаға толы Жолдау

Жолдау жолдарынан:                          

«Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтіледі. Біз гранттардың санын көбейттік, енді жауапкершіліктің кезеңі келді».

студенттер

Елбасымыздың биылғы Жолдауы қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ету бағытында әрбір құрылымға нақты тапсырмалар мен міндеттер жүктеді. Атап айтқанда, еліміздегі жоғары оқу орындарының маман даярлау сапасына қатысты талаптардың күшейтілгені, оқу орнын бітірген түлектердің жұмыспен қамтылу деңгейі арқылы бағалау туралы қажеттігі айтылды.

Шын мәнінде де сапалы, қазіргі өндіріс орындарына қажетті білікті маманды даярлауды бүгінгі күні басты назарда ұстауды қажет деп ойлаймын. Бұл тұрғыдан келгенде Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы 2018  жылғы ақпан айындағы өткізген ақпараттық технологиялар бойынша білім беру бағдарламаларын бағалау рейтингісінің көрсеткішіне сәйкес біздің Атырау мұнай және газ университеті алдыңғы (республикамыздың  жоғары оқу орындары арасында Қазақ-Британ технологиялық университеті, Ақпараттық-технологиялар халықаралық университеті, «Нархоз» университетінен кейін) 4 орынды иеленді.

Жолдауда көтерілген келелі мәселенің бірі – ғылымды дамыту. Әрбір жоғары оқу орнындағы студент ұғымы – сапалы, білімді, ғылыми ізденісі бар,  ұлттық, патриоттық негізде тәрбиеленген тұлғаны білдіреді.  Университет мұнай-газ саласының үздіксіз білім берудің интегративті модель жүйесі негізінде 26 мамандық бойынша бакалавр, 5 мамандық бойынша магистранттарды даярлайды. Алдағы уақытта магистратура мамандықтарын көбейтіп, PhD докторларын даярлау мақсатында докторантура ашуға жұмыстар жүргізілуде.

Көшбасшымыздың қазақстандықтардың қоғамдық қауіпсіздігін мониторинг жүргізу жүйелерімен жабдықтау туралы тапсырмасы да өте өзекті мәселенің бірі.  Білім ордасы қазіргі таңда дамудың кампустық моделін таңдаған оқу орындарының бірі. Студент жастарға білім, ғылым, тәрбие беру бағытында ортақ мекеніне айналған студенттік кампуста жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақылау  бейнежүйесі қондырылды.

Егер бұрын университеттің ролі дәстүрлі болса, қазір ХХІ ғасырда университеттің ұғымы түбегейлі өзгерді. Кәсіптік біліммен қатар, заманауи ғылым және көшбасшылық дағдыларды дамыту керек. Елбасы Жолдауы біздің заманауи университетке сәйкес болуымызды міндеттейді және  ұжым осы бағытта жұмыстарын жалғастырмақшы.

Әли ӘБІШЕВ,

Атырау мұнай және газ университетінің ректоры, профессор.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button