Жарнама
Білім

«Туған елге тағзым» экспедициясы: Үздік зерттеу жобалары анықталды

Елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Асылжан Есен мифтік Самұрық құсымен бірге бүкіл елді «шарлап келді». Петропавлдағы NIS оқушылары Minecraft платформасында Керуен-сарайдың виртуалды құрылысын бастады. Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептен Инсар Тунгушбаев Көлсай көлдері мен Шарын шатқалындағы экологиялық пунктерді өзі жасаған «Meirim» веб-сайтына енгізді. Өскемендегі NIS-тен Наргиз Тоқтамысова Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен шабыт алып, Түркістан облысының көрікті жерлері топтастырылған жеке каталогын ұсынды.

Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы мектеп оқушылары Ердәулет Махамбет, Жанасыл Рысбек, Алуа Мыңжасар, Аяжан Төлеген, Заңғар Өтеш, сондай-ақ «Photo Camp – 2021» элективті курсының қатысушылары Бақыт Хаман мен Олжас Жахангер Ұлы Жібек жолының ежелгі қалаларын зерттеді. Алакөлге апаратын «Ақылды есік» жобасын тараздық Нұрай Наршибаева мен Әлия Анарбаева ойлап тапты. Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Адлен Ролланұлы мен Мағжан Серікбеков әйгілі Шаған көлін зерттеп, Ұлттық ядролық орталықта жұмыс жасады. «Туған елге тағзым – 2020» байқауында жеңіске жеткен барлық қатысушылар жазғы демалыста онлайн маршруттарды шынайы түрде қайта аралады.
Қашықтан өткен экспедиция екінші рет қатысушылардың рекордтық саны (шамамен 1000) мен жобаларын (шамамен 700) жинады, ал онлайн-қорғау NIS оқушыларының зерттеу ауқымы мен креативтілігін дәлелдеді. Қазылар алқасы құрамындағы Елбасы кітапханасы, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, бірнеше ғылыми институттар, Astana Hub IT-стартаптарының халықаралық технопаркі, республикалық Ұлттық музейі, «Ұлы дала скауттары» қоғамдық бірлестігі, «BilimInvest» білім беру инвесторларының ұлттық ассоциациясы, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы, сондай-ақ ЮНЕСКО сарапшылары академиялық білімнің жоғары деңгейі, оқушылардың туған өлкедегі өзекті мәселелерді шешуге деген ынтасы мен жобалардың әлеуметтік бағарына оң баға берді. Сондай-ақ жобалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылғандықтан, қазылар алқасы оқушылардың үш тілді еркін меңгергендігін де атап өтті.

whatsapp image 2021 10 15 at 15.44.07


Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын баяндайтын «Ұлы Дала өркениеті» номинациясында Айлана Өмірзақтың туған қаласы туралы «Көкшетау қаласының көшелері» жобасы үздік деп танылды.
Қостанайдағы Зияткерлік мектептен Айнұр Мушанова мен Тимур Шаймерденов әзірлеген «Наурызым Қорығының «Келу Орталығына» және табиғатына 3D тур» жобасы «Туған өлкем – жұмақ мекен!» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Ақтау қаласындағы NIS оқушылары Тұмар Қадырова, Туғанай Наурыз, Әлия Ізтұрған, Фарида Маратова туған жерінің мәдени мұрасы мен атақты жерлесі Мұрын жырау Сеңгірбекұлының шығармашылығына арналған «Қырымның қырық батыры» бірегей жобасын ұсынды. Олар «Ұлт руханияты – бабалар аманаты» номинациясы бойынша құрмет тұғырынан көрінді. Зияткерлер Маңғыстау өңіріндегі дәстүрлі жыр мектебі туралы сайт жасақтап, оны жаңа домендік атаумен насихаттауды жоспарлап отыр.
Елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептен Иран Касымов дәстүрге айналдырған мүмкіндігі шектеулі жандарды бейімдеу тұрғысындағы бірқатар жобаларын қорғады. «Әлеуметтік кәсіпкерлік және жаңа идеялардың күші» номинациясында қазылар алқасы Иран жасақтаған «Брайльдің дисплейі» атты жұмысты үздік деп атады. Жобаның басты артықшылығы – дисплейлердің құнын төмендету арқылы қолжетімділікті қамтамасыз ету.

whatsapp image 2021 10 15 at 15.44.09


– Мен зағип жандардың өмір сүру сапасын арттыруға тырыстым, — дейді жас ғалым. Иран Касымовтың жобасын Нұр-сұлтан қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS техноториясында жалғастыру жоспарда тұр.
Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп оқушылары – Хақназар Әділда және Айдана Шоқатаева – «Туған елге тағзым – 2021» байқауында бірден қос алтынды еншіледі. Хакназар Әбілда Иран сияқты өз жобасын мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап, виртуалды ассистент және мәтінді тануға арналған кіріктірілген сканері бар есту қабілетіндегі мәселелерді жеңілдететін «Күнделікті өмірдегі әртүрлі міндеттерге арналған эмулятордағы қосымша» жасады. Хақназар «Өндірістік инновация кепілі – зияткерлік әлеует» номинациясында үздік атанды, ал Айдана Шоқатаева «Сценарий шеберлігін зерделеу және қысқа метражды фильмге сценарий жазу» жеке жобасы үшін «Шабыт. Селт еткізер, ерен ой» шығармашылық номинациясы бойынша бірінші орынға ие болды. Ол менталдық денсаулық мәселелеріне назар аударып, заманауи киноиндустрия арқылы жаһандық проблемаларды жаңа буын көзімен бейнелеуге тырысты.
«Жасыл планета» экологиялық номинациясында Алматыдағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Шыңғысбек Балғабайға тең келер ешкім болған жоқ, оның «Monitoring system of plant pollution» жобасы қоршаған ортаның экологиялық мониторингін жүргізіп, патогендік факторларды талдауға бағытталған. Бүгінде Шыңғысбектің жұмысына оңтүстік астананың экологиялық ұйымдары қызығушылық танытып отыр.

Жеңімпаздардың экологиялық эстафетасын «Туған елге тағзым – 2021» байқауының тағы бір кейіпкері – Тараз қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Ілияс Бибарыс жалғастырды, ол «Су қоймаларын қоқыстардан тазартуға арналған автономды жүйені» құрастырды. («Біздің күшіміз бірлікте!»). Ілиястың жобасы жасанды интеллект көмегімен қоқысты сұрыптау мен жинауды қамтамасыз етеді.
«Туған жер – тұғырым» номинациясы бойынша «Задыхаюсь…» атты үздік эссесінің авторы – Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Анель Қалдарова. Оның жанды әрі жүректен шыққан ой-толғанысы онлайн форматқа қарамастан эмоцияға толы болды.
«Туған елге тағзым» байқауында командалық есепте алғаш рет Нұр-Сұлтандағы Халықаралық мектеп оқушылары жеңіске жетті.
«Туған елге тағзым – 2021» экспедициясының жеңімпаздары мен қатысушыларын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидинова құттықтады:

Экспедицияға ұсынылған жобалардың тақырыбы жыл сайын кеңейіп, деңгейі артып келеді. «Туған елге тағзым» жобасы академиялық білімді арттыруға және зерттеу жетістіктерін дәлелдеуде теңдесіз платформаға айналды. Экспедицияда ұсынылған жұмыстардың барлығы жалғасын табуға лайық, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жобалары патенттер мен авторлық құқықтарға ие бола алады деп сеніммен айта аламын.
«Туған елге тағзым» – тоғыз жылдан бері Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесінде жүзеге асырылып келе жатқан бірегей жоба, осы уақыт ішінде мыңдаған оқушы туған өлкесін жан-жақты тани түсті.

Анель Қалдарова барлық байқау қатысушылары атынан «Туған елге тағзым» жобасының символдық атауы өзін толық ақтайтынын мойындады:Экспедиция маршруттарында біз өз отанымызбен мақтанудың не екенін және еліміздің табысты тарихы үшін нақты үлес қосудағы ұмтылысты шынайы ұғындық.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button