ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУ – БАСТЫ ОРЫНДА
Жаһандану үрдісінде шығармашылық ізденістегі әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі – оқушының ұстазы. Ұстаздар қауымына білім беру принциптері тұрғысында жаңаша көзқарас қалыптастыру жұмыстары дендеп өмірімізге енуде. Соның бірі – Кембридж университетімен бірлесіп әзірленген «ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші деңгей бағдарламасы».
Аталмыш бағдарлама мазмұнында оқыту әдістері заманауи идеялардың жеті негізгі модулі түрінде берілген. Олар: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау; оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану; талантты және дарынды балаларды оқыту; оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу; оқытуды басқару және көшбасшылық.
Барлық жеті модуль бір-бірімен тығыз байланысты. Жоғарыда айтылған модуль идеяларын оқыту барысында жүйелі түрде пайдалануға толық негіз бар. Заманауи білім беруге жаңаша өзгеріс енгізуге талпынатын болсақ, ұсынылып отырған әдіс-тәсілдердің өміршеңдігін мойындауымыз керек.
Нұрбек БЕКБАУОВ,
№9 орта мектебінің мұғалімі,
Қызылқоға ауданы.