Білім

«Тəуелсіздік ұрпақтары»: грант конкурсы басталды

ҚР Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған «Тəуелсіздік ұрпақтары» грантын ұсыну жөніндегі конкурстың басталғаны туралы ХАБАРЛАЙДЫ

2022 жылы əрбір грантқа 3 млн.теңгеден 30 грант берілетін болады. Грант берудің мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа жəне қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады. Конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде жасы 14-тен кем емес жəне 29-дан аспайтын, конкурсқа қатысуға өтінім берген Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы үміткер бола алады.

Гранттар Қазақстан Республикасының азаматына жаңа иде[1]ялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде мы[1]надай бағыттар бойынша беріледі:

– «Ғылым» – ғылымның ба[1]сым секторларында жаңа ғылыми жобаларды жəне зерттеулерді іске асыруға арналған; – «Мəдениет» – Қазақстанның мəдени мұрасын танымал етуге, халықтық мəдени дəстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған; – «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жоба[1]ларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға жəне дайындауға арналған; – «Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған; – «Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жа[1]стар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері (қағаз нұсқада) ағымдағы жылғы 13 қыркүйекке дейін мына мекен-жай бой[1]ынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мəңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер Үйі» Əкімшілік ғимараты (14-кіреберіс); Байланыс нөмірлері: 8(7172)74-12-78, 8(702-000-88-12), (электрондық нұсқасы) generation.kaz@gmail.com поштасына қабылданады. Конкурстық өтінімдер мемлекеттік жəне (немесе) орыс тілдерінде қабылданады жəне: 1) нысан бойынша жобаның сипаттамасы; 2) жобаның бейне-таныстырылымы (60 секундтан аспайды); 3) ш ығыстар сметасының жобасы; 4) зияткерлік меншік туралы мəліметтер (бар болса) қамтылуы тиіс. Айта кетейік, 2021 жылы Тəуелсіздік күні қарсаңында Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаев еліміздің 30 жас азаматына «Тəуелсіздік ұрпақтары» грантын табыс етті. Оның ішінде 5 жас адам «Мəдениет» бағыты бойынша, 6 адам – «Ғылым», 5 адам – «Ақпараттық технологиялар», 5 адам – «Медиа», 9 адам – «Бизнес». ҚР Мемлекеттік хатшысының 2022 жылғы 25 ақпандағы №2 Өкімімен грант алушылар Намурадин Айсана мен Наумова Динара ҚР Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің құрамына кірді.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button