Жарнама
БілімҚоғам

Студенттер үшін жатақхана салынады

Жастарға арналған қамқорлықтың айқын көрінісі ретінде жаңа оқу жылынан бастап қосымша 20 мың білім беру грантын бөлінуін айтуымызға болады. Бұл гранттардың 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге бөлінеді.

Студенттер үшін жатақхана салынады

Жаңашылдық өңірдегі тапшылық тудырып отырған педагогтар, медицина қызметкерлері, инженерлер, ақпараттық технология, роботтехника, нанотехнология саласының мамандарын даярлауға мүмкіндік бермек. Өткен жылы педагогика, медицина, ауыл шаруашылығы салаларындағы қажеттілік тудырып отырған мамандықтарға облыс әкімінің 222 гранты бөлінген еді. Биыл да бұл жұмыс «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аясында жалғасын тауып, жергілікті бюджеттен 300 грант қарастырылмақ.

Сондай-ақ, жоғары оқу орындарындағы студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету де өзекті мәселелердің бірі еді. Қазір аймақтағы үш жоғары оқу орнында 12 мың студент білім алса, 1,6 мың студент жатақханамен қамтылған. Бүгінгі таңда бұл бағытта бірқатар жұмыстар қолға алынуда. Мәселен, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің төрт қабатты жатақханасына 160 орындық жапсаржай мен жаңадан 400 орындық жатақхана құрылысының қажеттілігі туындаған болатын. Атырау облысының әкімдігі Үкіметке ұсыныс енгізіп, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның теңгеріміндегі жатақхананы жоғарыда аталған оқу орнына берді. Нәтижесінде университетте жатақхана мәселесі шешімін тауып отыр.

Ал, Атырау инженерлік-гуманитарлық институты аумағынан да «Студенттер үйі» және 200 орындық жатақхана құрылысын салу жоспарланған. Қаржыландыру мәселесі банктен несие алу арқылы жүргізілмек.

Облыстың 25 техникалық және  кәсіптік білім беру ұйымында 17 мыңнан астам студент оқиды. Оның 8560-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алуда. Он техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 722 орынға арналған жатақхана бар. Дегенмен, бұл облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы студенттердің жатақханаға деген сұранысын толық қанағаттандырмайды. Аймақтағы кәсіптік және техникалық оқу орындары бойынша 1450 студенттен жатақханаға қажеттілік бар. Аталған проблеманы шешу мақсатында қазіргі уақытта облыста кәсіптік және техникалық оқу орындары бойынша 200 орындық екі колледж жатақханасының құрылысы жүруде. Олар – Д.Нұрпейісова атындағы музыкалық колледжінің 100 орындық жатақханасы және Исатай ауданының Аққыстау селосындағы 100 орындық жатақханасы бар 320 орындық  техникалық кәсіптік колледжі.

Елбасы Үндеуінде атап көрсетілген әлеуметтік бастамалар – ел игілігіне арналған ұтымды әрі оптимистік жоба. «Өркендеген Қазақстан –бұл, ең алдымен мемлекеті өзін қорғап, қолдайтынын, қамқорлық жасайтынын сезінетін, тиісінше елін жан жүрегімен сүйетін, патриоттық танытатын өздеріне сенімді адамдардың мекені деп санаймын» деп Елбасы атап көрсеткендей, қазақстандықтар, соның ішінде жастар бес бастаманы баянды ету бағытында білім алып, жарқын болашағын қалыптастыруы тиіс.

Қайырғали  КЕНЖЕҒАЛИЕВ,

облыстық білім беру басқармасының басшысы.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button