
Ресейлік университет оқуға шақырады
И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің Қазақстандағы филиалы студенттерді қабылдауды бастады. Филиал Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасында жұмыс істейді. Бұл — Қазақстандағы инженерлік білім беруді дамытудағы жаңа қадам және әлемдік деңгейдегі мамандарды даярлаудың стратегиялық мүмкіндігі.
И.М. Губкин атындағы Ресей мұнай және газ университетінің С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіндегі филиалы B071 «Кен өндіру және пайдалы қазбаларды өндіру» тобы бойынша қос дипломды білім беру бағдарламалары аясында мамандар даярлайды:
6В07208 – «Мұнай-газ ісі. Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану»;
6В07207 – «Мұнай-газ ісі. Мұнай-газ технологиялары»;
6В07209 – «Мұнай-газ ісі. Кен орындарын геологиялық үлгілеу» білім беру бағдарламаларында оқу мерзімі – 4 жыл.
Құжат қабылдау 2025 жылғы 16 шілдеге дейін жүргізіледі.
Оқу үшін 100 грант бөлінген – бұл қабілетті және талапты жастар үшін зор мүмкіндік. Сізге беделді жоғары оқу орнының дипломын алып, мұнай-газ саласының жетекші компанияларында табысты мансапты бастауға жол ашылады.
Мекенжайы: Атырау қаласы, Мұса Баймұханов көшесі, 45А.