Жарнама
Білім

Құлсары қаласында ашылған 300 орындық жаңа мектепте алғашқы қоңырау соғылды

1 қыркүйек — Білім күнінде ашылған жаңа мектепке Абай Құнанбаев атауы берілді. Осыған орай облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайыновтың және Жылыой ауданы әкімі Жұмабек Қаражановтың қатысуымен «Мектебім — мейірім мекені» атты алғашқы қоңырау салтанатты шарасы өтті.

Салтанатты шарада басқарма басшысы Н.Құсайынов жаңа мектепте басталған оқу жылы табысты болсын деген тілек білдіріп, облыс әкімі Серік Шәпкеновтің атынан құттықтау сөз сөйледі.

— Ұрпаққа сапалы білім беріп, заманға сай, әлемдік бәсекеге қабілетті, талантты жастарды дайындау – ортақ міндетіміз. Олардың жарық әрі жылы жерде оқуы, соңғы үлгідегі техникалық жабдықтармен қамтылуы басты назарда. Ұл-қыздарымыз сапалы білім алуы үшін оларға қолайлы жағдай жасауымыз керек. Биыл мемлекет тарапынан білім саласына баса назар аударылды. Жаңа мектеп жаңаша жұмыс істейді, білімнің ордасы болады деген ойдамыз. Осында оқитын оқушылар заман талабына сай жақсы, терең білім алады деп сенеміз, — деді Н.Құсайынов.

Екі қабатты 300 оқушыға арналған мектеп екі ауысымды білім беріледі. Сонымен қатар, мектеп аумағы футбол алаңы, демалыс аймағы, ашық ойын алаңы мен салтанатты рәсімдерге арналған алаң және автотұрақ бар.

Кабинеттерге лингафондық-мультимедиялық жабдықтар қойылған. Металл және ағаш шебарханасымен, қыздарға арналған еңбек кабинетімен, оқу сабақтары өткізілетін аспаздық кабинетпен қамтылса, жертөледе 25 метрлік тир орналасқан. Кітапханада мектеп және көркем әдебиетті сақтауға арналған жабық және ашық қор, медиатека қарастырылған. Оған қоса медициналық кабинет, 96 орынға есептелген акт залы мен оқушылардың тамақтануы үшін 104 орынға арналған асхана да қаралған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button