Жарнама
Білім

Қазақстандық оқушылар АҚШ-тағы робототехника бойынша чемпионатта беделді 3 марапатқа ие болды

Қазақстандық оқушылар FIRST World Championship дүниежүзілік чемпионатында бірден үш номинацияға қол жеткізді. Жарыс Американың Хьюстон қаласында өткен.

Оқу ағарту министрлігінің хабарлауынша, алматылық 6 жастан 10 жасқа дейінгі ең жас санаттағы Adeptus Mechanicus командасы жоғары ынта-жігері, ынтымақтастық рухы және өзара сыйластығы үшін Core Values Award ерекше марапатына иеленді. Бастауыш сынып оқушыларының инновациялық жобасы мен техникалық әзірлемелері қатысушылар арасында ең үздіктерінің бірі болды.

Play 4 Energy командасы LEAS мектебінің оқушылары 10-16 жас аралығындағы орта санаттағы Robot Design Award жоғары техникалық сыйлығын жеңіп алды. Олар күрделі тапсырмаларды орындай алатын берік және тиімді робот жасау арқылы тамаша бағдарламалау және инженерлік дағдыларды көрсетті.

12 жастан 18 жасқа дейінгі жоғары санаттағы Motivate Award Finalist төрешілердің ерекше марапатына Алматының республикалық физика-математика мектебінің AENTA командасы ие болды. Роботтардың керемет ойынын жасаумен қатар, балалар STEM мәдениетін белсенді түрде насихаттайды және өз мектептерінде FIRST негіздерін енгізеді. Халықаралық қазылар алқасының мүшелері атап өткендей, командасы әлемдік аренада жоғары кәсібилік көрсетті. Айта кетейік, бұған дейін оқушылар тегін фестивальдар мен тренингтер өткізіп, өз құрдастарына робототехника мен бағдарламалау негіздерін үйреткен.

«Оқушылар тамаша нәтижелер көрсетіп, елімізді абыроймен таныстырды. Шәкірттеріміздің жеңісіне қатысы бар барлық жандарға алғыстымыз! Бұл Қазақстандағы STEM дамуындағы үлкен және жемісті жолдың басы ғана», — деп хабарлайды USTEM Robotics қоғамдық қорының негізін қалаушы Нұрдәулет Досмағамбет.

Робототехника бойынша бүкіләлемдік чемпионатқа барлығы 36 мың бала қатысты. Ел намысын 50-ге жуық қазақстандық оқушы қорғады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button