Жарнама
Білім

Қазақстанда алғаш рет: «Энергетика саласындағы әйелдер көшбасшылығы» ЕМВА бағдарламасының бірінші түлектері магистрлік диссертация қорғады

UTEBAYEV UNIVERSITY елімізде алғаш рет ерекше бағдарлама – «Энергетика саласындағы әйелдер көшбасшылығы» Executive MBA (ЕМВА) ашқан болатын. Бүгін жаңа бағдарламаның алғашқы 10 түлегі магистрлік дипломдарын сәтті қорғады. Енді олар «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесіне және мемлекеттік үлгідегі дипломға ие болады. Бұл туралы аталған университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

49610a8e 2a4e 47c0 9689 296eac6fdeb1

Баламасы жоқ бұл бағдарлама энергетика саласында көшбасшы әйелдер даярлайды. Бір жыл ішінде тыңдаушылар қазіргі заманғы бизнес және басқару саласында қажет білім мен дағды меңгерді. Бағдарлама түлектері компанияның стратегиясын құруға, процестер мен кадрлық ресурстарды тиімді басқаруға қабілетті мамандар ретінде нарықта үлкен сұранысқа ие болады.

-Оқу процесі өз саласындағы білікті мамандар мен халықаралық деңгейдегі тәжірибелі сарапшылардың қатысуымен жүргізіледі. Бұл ЕМВА бағдарламасы бизнес және энергетика саласында кәсіби тұрғыдан дамуды көздейтін, сонымен бірге компания басқаруда жаңашыл білім мен тәжірибе алғысы келетін азаматтарға арналған,-деп атап өтті UTEBAYEV UNIVERSITY Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының директоры Ақмарал Жалғасбаева.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button