
Қазақстан студенттерінің шәкіртақысы өсті
Биыл 1 қыркүйектен бастап Қазақстандағы студенттер мен магистранттар, докторанттар үшін шәкіртақы көлемі өседі. Бұл туралы республика Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Жаңа мөлшерлеме бойынша бкалавриат студенттеріне 52 372 теңге төленеді. Педагогикалық бағытта білім алушылардың шәкіртақысы 84 000 теңгеге жетсе, магистранттар – 117 098 теңге, докторанттар 262 500 теңге көлемінде шәкіртақы алады.
Вице-министрдің айтуынша, бұл өсім 2020 жылмен салыстырғанда шәкіртақы мөлшерінің екі есеге артқанын көрсетеді. Бұл – жастарды қолдау және олардың білім алуына барынша жағдай жасау бағытындағы жұмыстардың бірі.
Сонымен қатар, биылғы мемлекеттік білім гранты конкурсына 113 мыңға жуық өтінім түскен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға артқан.
Осы науқан нәтижесінде 93 232 грант бөлінді. Оның 77 мыңнан астамы – жоғары білім бағдарламаларына тиесілі, гранттардың 99%-ы игерілді, жоғары оқу орындарына қабылдау толық аяқталды.
Қ.ШӘКІРОВ