Жарнама
Білім

Қазақстан – Олимпиада жүлдегерлерін көтермелеу тәжірибесі бар санаулы елдердің бірі

Президенттің бастамасымен 2022 жылдан бастап халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарына және олардың мұғалімдеріне ақшалай сыйақылар беріледі. Мысалы, халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған оқушылар ақшалай сыйақы алады: алтын медаль үшін – 1500 АЕК, күміс медаль үшін – 1000 АЕК, қола медаль үшін – 500 АЕК. 2024 жылы бұл мақсаттарға 26 оқушы үшін 77,5 млн теңге және оларды дайындаған 24 педагог үшін 6,5 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға гранттар алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі хабарлады.

«Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардағы Қазақстан құрамаларының жоғары жетістіктері елдің әлемдік білім беру кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін айқын көрсетеді. Бұл ретте Қазақстан биология бойынша Халықаралық Олимпиаданың ең беделді олимпиадаларының бірін өткізу үшін таңдалғаны кездейсоқ емес. 2024жылы біздің еліміз 35-ші Халықаралық биологиялық Олимпиаданы қабылдады. Оған 81 елден 305 оқушы мен 275 ғалым қатысты. Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетіп, 100% нәтижеге қол жеткізді», — деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Гаждембек Тұрсынов ОКҚ-да өткен «дөңгелек үстел» барысында.

Сурет: halyq-uni.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button