Жарнама
Білім

Қазақстан мектептерінде жасанды интеллект енгізіледі

Қазақстанда білім беру саласындағы жаһандық үрдістер мен халықаралық үздік тәжірибелерді ескере отырып, жалпы білім беретін мектептерге жасанды интеллект (AI) элементтері кезең-кезеңімен енгізілмек. Бұл туралы республика Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, жүйе еліміздің білім беру ерекшеліктері, педагогтердің пікірі және оқушылардың қажеттіліктері жан-жақты ескеріле отырып әзірленуде.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, жасанды интеллект элементтері алдымен «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндеріне енгізіледі. Бұл бағытта AI-ды қолдануға қатысты этикалық стандарттар да бекітілген.

Оқушылар үшін Day of AI атты онлайн-курстар, ал мұғалімдер үшін үш деңгейлі біліктілікті арттыру бағдарламасы әзірленеді. Бұл – болашақ ұрпақты заманауи технологияларға бейімдейді.

Министрдің мәлімдеуінше, жаңа форматтағы «Келешек мектептерін» басқару мәселесінде де өзгеріс бар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жаңа басқару стандарты дайындалып, ұлттық жобадағы мектептерде жұмыс істейтін 3 мыңнан астам педагог үш деңгейлі оқудан өтті.

Аталған басқару моделі 2025 жылдың қыркүйегінен бастап іске қосылады. Жобаның әдістемелік сүйемелдеуін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық академия қамтамасыз етпек.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button