Жарнама
Білім

“Қазақстан балалары” – болашаққа бағдар

Елордада Мемлекет басшысының қатысуымен ұйымдастырылған ұстаздардың республикалық тамыз конференциясында еліміздің білім жүйесін жетілдіруге бағытталған тың ойлар мен нақты шешімдер айтылды.

Білім беру саласының өңірлік өкілі ретінде конференцияда талқыланған “Қазақстан балалары” бірыңғай стратегиясының өзектілігін ерекше атап өткім келеді. Бұл бастама – бала құқығын қорғау, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, психологиялық қолдау көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау және әр баланың қабілетін ашуға бағытталған ұзақмерзімді, ауқымды бағдарлама.

Бүгінде өңірімізде осы стратегияны жүзеге асыру бойынша нақты жоспарлар мен кезең-кезеңімен іске асырылатын іс-шаралар пысықталуда. Атап айтқанда мектептер мен қосымша білім беру мекемелерінде балаларға қолайлы және қауіпсіз орта құру, психологтар мен әлеуметтік педагогтардың жұмысын күшейту, олардың біліктілігін арттыру, талантты балаларды қолдаудың жаңа жүйелерін енгізу, инклюзивті білім беруді дамыту, барлық балаларға тең мүмкіндік жасау міндеттері алға қойылды.

Басты мақсат – әр баланың мүддесін ескеретін, оларға жан-жақты қолдау көрсететін, адамгершілікке негізделген, заманауи білім беру ортасын құру.

“Қазақстан балалары” стратегиясы – жай ғана құжат емес, бұл ел ертеңі – ұрпақ тағдырына тікелей әсер ететін нақты іс-әрекет жоспары. Сондықтан біз, білім саласының өкілдері, осы бастаманы іске асыруда жоғары жауапкершілікпен, шынайы жанашырлықпен жұмыс істеуге дайынбыз.

Марат ӘБУОВ,

Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button