
Профессор-оқытушылар жасанды интеллектті меңгеруде
Атырау қаласындағы UTEBAYEV UNIVERSITY Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект арқылы цифрлық трансформация» тақырыбында тренинг өтуде.

–Профессор-оқытушылар үшін жасанды интеллект және нейрожелілер бойынша лекция мен практиканы қамтыған бір апталық курс ұйымдастырылды. Профессор-оқытушылар курстың практикалық бөлімінде нейрожелілерді пайдаланып, білім беру міндеттерін шешу және зерттеу жобаларын әзірлеу бойынша тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар, жасанды интеллект негізінде студенттердің үлгерімін бақылау жүйелерін құру жолдарын игерді, — деді оқу орнындағы Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының директоры Ақмарал Жалғасбаева.

Бұл курс профессор-оқытушылар құрамының кәсіби шеберлігін арттырып қана қоймай, жасанды интеллект технологияларын білім беру саласында тиімді пайдалануға жаңа мүмкіндіктер ашады.