Жарнама
Білім

Пекин Қытай мұнай университетінің делегациясы Атырауға келді

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде Пекин Қытай мұнай университеті Қарамай кампусының ректоры Ли Цзюнь бастаған делегациямен іскерлік кездесу өтті. Қонақтар оқу ордасы мен KMG Engineering компаниясының жұмысымен танысты, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қытай Халық Республикасының төрағасы Син Цзиньпин Астанаға келген сапарында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, ынтымақтастық туралы шартқа қол қойған болатын. Қазақстан-Қытай кездесуі аясында Қытай Ғылым академиясы Атырау мұнай және газ университетінің «Суды басқару және суды үнемдеу саласындағы құзыреттерді дамыту» жөніндегі кооперативтік мемлекеттік бастамаларын қолдап, ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды.

–Келісім аясында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, жаңа жобаларды, атап айтсақ, мұнай және химия инженериясы саласындағы бакалавриат пен магистратура бағдарламаларын ашу және академиялық ұтқырлық жобалары мен жазғы мектеп ұйымдастыру жұмысы қолға алынады. Сондай-ақ, бұл ынтымақтастық ғылыми жұмыстар жүргізу және екі ел арасындағы білім беру мен мұнай-газ технологияларын дамытуға үлес қосуды көздейді, — деп атап өтті С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гулзада Шакуликова.

Пекин Қытай мұнай университеті – Қытайдағы мұнай инженериясы саласындағы жетекші жоғары оқу орны. Мұнайлы Қарамай қаласында орналасқан университет филиалы кәсіби зертханаларымен, заманауи кампусымен белгілі. Екі елдегі мұнай университеттерінің ынтымақтастығы академиялық және ғылыми қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге жол ашады.

Айта кету керек, биыл серіктес университеттің екі профессоры Атырау мұнай және газ университетіне келіп, зерттеу жұмыстарын бастайды. Бұл оқытушылар мен студенттерге ғылыми ортамен байланыс орнатуға және желі құруға мүмкіндік береді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button