«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Педагогикалық идеялар панорамасы» тақырыбында диалог алаңын өткізді.
Шараның мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер» арнайы жобасының «Отаным – тағдырым» негізгі бағытын жүзеге асыру, жас ұрпақты патриоттық, рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде инновациялық идеяларды, шешімдерді және озат педагогикалық тәжірибені анықтау, орта білім мазмұны жаңартуға арналған тұжырымдамалық идеяларды насихаттау.
Диалог алаңына жоғары оқу орындарының ғалымдары, облыстық Білім беру басқармасының қызметкерлері, қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары, жалпы білім беретін орта мектептердің мұғалімдері қатысты.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Біліктілікті арттырудан – кәсіби шеберлікке» тақырыптарында көрме ұйымдастырылды. Баяндамалар тыңдалып, өзара пікір алмасып, идеялар ұсынылды.
Аталған шараға қатысқан педагогтар тарапынан берілген ұсыныстар қабылданып, электронды материалдар жинағы дайындалмақ.
Гүлзахира ҚАЛЕНОВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның бөлім басшысы.