Білім
-
Қазақстандық жасөспірімдер Еуропалық олимпиадада бақ сынауда
2025 жылғы 29 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Болгарияның Шумен қаласында Информатикадан IX Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы (EJOI) өтуде. Бұл туралы…
оқыңыз -
Бір шаңырақта – үш «Алтын белгі»
«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні ғаріп» деп дана Абай айтқандай, адамның өмір жолында білімнің алар орны айрықша. Білім – тек болашаққа бастар баспалдақ қана емес, әрбір жанның абыройы мен асыл қаруы. Осыны тереңтүсінген атыраулық Сүлейменовтер әулеті – ұрпақ тәрбиесіндеөнегелі жол көрсетіп отырған отбасылардың бірі. Әулеттің үшбірдей перзенті мектепті үздік нәтижемен тәмамдап, «Алтынбелгі» иегері атаныпты. Оның үстіне үшеуі де мемлекеттік білім грантына қол жеткізген. Әкеден – ақыл, анадан – мейірім Отбасы – қасиетті қара шаңырақ, тәрбие – сол шаңырақтыңалтын діңгегі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендана халқымыздың сөзі бүгінгі күннің де айнымас шындығы. Адам баласының кісілік келбеті мен азаматтық болмысы, өмірге деген көзқарасы алдымен ата-ананың тәлімінен бастауалады. Әкеден – ақыл, анадан – мейірім дарыған жердеұрпақтың ұлылығына еш күмән жоқ. Расында да бір әулеттенүш бірдей «Алтын белгі» иегерінің түлеп ұшуы – жай ғанақуаныш емес, нағыз елді сүйсіндірерлік, өзгеге өнегеболарлық оқиға. Шырайы асқан шаңырақтың иесі Тілекқабыл Сүлейменов – физика мен математиканың қыр-сырын меңгерген, бүгіндекәсіпкерлікті қолға алып, адал еңбекпен отбасының нәсібінарттырып отырған азамат. Ал оның жары Эльмира – Құрманғазы ауданының Нұржау ауылынан түлеп ұшып, Атырау төрінен өз орнын тапқан, бала тәрбиесін өмірлікмұратына айналдырған ардақты ана. «Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ» демекші, осы қос тірек бір-бірін толықтырып, перзенттеріне өнегелі өмірдің сара жолын салып келеді. Бұл үйде білім – бірінші орында. Бірақ олар ұл-қызыныңсанасына білімді қыспақтаумен емес, ынталандыру арқылы, қызығушылықпен, сүйіспеншілікпен сіңірді. «Жастай бергентәрбие – жас шыбықты игендей» демекші, ерлі-зайыптыСүлейменовтер балаларына қатаң талап қоймай-ақ, жүреккежол таба білген. Әкесі – демеу, анасы – арқау. Балалардың әрқадамына қуанып, әр жеңісін бірге тойлап, әр сәтсіздігіндедем беріп отырды. Эльмира ананың: «Басты мақсатымыз – перзенттеріміздің адал, еңбекқор, жауапкершілігі мол адамболып өсуі еді. Білім – сол қасиеттердің алтын арқауы» дегенсөзі олардың өмірлік ұстанымын айқындайды. Қарапайымғана әкенің баласын жарыстарға жеткізіп салуы, анасының«оқыңдар, ізденіңдер, дамыңдар» деген бір ауыз сөзі ұрпақтыңболашағына салынған ең асыл инвестиция болды. Білім биігі – маңдай тердің жемісі Отбасының тұңғышы Әсем Елемесова – Атырау қалалықлицейінің түлегі. Ол мектеп қабырғасында жүріп-ақ өзгеденоза шауып, тек білімде ғана емес, қоғамдық өмірде декөшбасшы бола білді. Мектеп президенті болып сайланып, жасындай жарқыраған ұйымдастырушылық қабілетінтанытты. Ғылымға деген құштарлығы халықаралық ғылымижобалар байқауында ІІІ орынға жеткізді. Ал математикадан республикалық олимпиадаға қатысып,…
оқыңыз -
UTEBAEV кітапханасы – болашақтың білім хабы
UTEBAEV UNIVERSITY кітапханасында “МегаПро” жүйесінің іске қосылуы – біз, студенттер үшін үлкен жаңалық. Бұл оқу үдерісін жеңілдетіп қана қоймай, білімге…
оқыңыз -
Губкин университеті енді Атырауда!
UTEBAYEV UNIVERSITY базасында И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай-газ университетінің ресми филиалы ашылып, алғашқы студенттер білім алуға кірісті. Мұнай-газ саласының әлемдік…
оқыңыз -
Атырау облысының бас полицейі оқушыларды Білім күнімен құттықтады
Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев 1 қыркүйек – Білім күніне орай №40 мектеп-гимназиясында өткен «Алғашқы қоңырау»…
оқыңыз -
Білім-инновация лицейі жаңа ғимаратқа көшті
Атырау облысы білім беру басқармасының №2 «Білім-инновация» лицей-интернаты 2025-2026 жаңа оқу жылын ерекше қуанышпен бастады. 2015 жылы Жылыой ауданы, Құлсары…
оқыңыз