Н.БАЛҒЫМБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШӘКІРТАҚЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде мұнай-газ саласы ардагерлерінің студенттермен кездесуі өтті.
Жиынды жоғары оқу орнының басқарма төрағасы – ректор Гүлзада Шакуликова кіріспе сөзбен ашты.
Бұрынғы ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары Ғалиаусат Кешубаев, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Мақсым Ізбасов, «Теңізшевройл» директоратының атқарушы кеңесшісі, Қазақстанның Еңбек Ері Руслан Қуатов сөз алып, ордалы отыз жылдағы саланың өсіп-өркендеу, даму жолдары төңірегінде көптеген мәлімет-деректерді келтірді.
Биылғы оқу жылынан бастап көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Өтепұлы Балғымбаев атындағы арнаулы шәкіртақы«Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығының 2 курс студенті Перизат Теміроваға ,«Өнеркәсіптік және әлеуметтік құрылыс» мамандығының 1 курс студенті Жанель Мырзатаеваға, «Мұнай-газ инженері» мамандығының 2 курс студенті Азиз Қайралиевға тағайындалған болатын . Салтанатты шарада атаулы шәкіртақы студенттерге табысталды.
Шәкіртақынының сертификатын студенттерге Нұрлан Өтепұлының ұлдары Марат пен Бекім Балғымбаевтар табыстады.
Дәулетқали АРУЕВ