Жарнама
Білім

Мектептерде жұмыс дәптерлерін пайдалану міндеттелмейді

Атырау қалалық білім бөлімі мектептерде жұмыс дәптерін пайдалану мәселесі бойынша жауап берді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG_2197-04-09-18-08-08(1)

Жаңа оқу жылы басталғалы әлеуметтік желілерде мектеп басшылығының ата-аналардан бастауыш сынып оқушыларына оқулыққа қосымша жұмыс дәптерлерін сатып алуын міндеттеу туралы бірқатар шағымдар айтылды. Бұл сауалдарға қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алмабек Қабдолов жауап берді.

Мектеп басшыларының ата-аналардан қосымша дәптерлерді талап етуі заңсыз. Заң бұзушылық анықталған жағдайда тиісті шара қолданылады. Әр оқулықтың салмағы ауыр, оған қосымша берілетін дәптер де ауыр. Екеуін қосып ұстайтын болса, балаға салмақ түсіреді. Дәптердің орнына қарапайым жұмыс дәптерін пайдалануға болады, — дейді Алмабек Қабдолов.

Айта кетейік, қазіргі таңда білім және ғылым министрлігі денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, барлық оқулықтар, жұмыс дәптерлері және өзге де оқу құралдарын санитарлық нормаға сай келтіру жөнінде нақты стандарттар әзірлеуде.

Мектептерде аталған заң бұзушылықтар орын алған жағдайда көрсетілген байланыс телефондарына хабарласыңыз: 35 48 45, 8 775 956 93 09

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button