Жарнама
Білім

Мектепте тың бастаманың тұсауы кесілді

И.Тайманов атындағы мектепте «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының облыстық филиалы және «Атырау жаңа мектебі» жобасы командасының ұйымдастыруымен «Эмоционалдық интеллект – заманауи білім берудің жаңа бағдары» тақырыбында ауқымды облыстық семинар өтті.

4b458ec4 98cb 4fab aa00 9fd6d6f6c8b0

Семинардың негізгі мақсаты – педагогтерге эмоционалдық интеллект ұғымының маңызын терең түсіндіріп, білім мен тәрбиелеу үдерісінде оны тиімді қолдану жолдарын ұсыну. Мұғалімдер оқушылардың эмоционалдық қабілеттерін дамытудың нақты әдістерімен танысып, тәжірибеде жүзеге асыруға мүмкіндік алды.
Семинар барысында қатысушылар үшін интерактивті рефлексиялық жаттығулар, эмоционалдық интеллектті дамытуға арналған авторлық әдістемелер, топтық жоспарлау форматы және нақты оқу үлгілері ұсынылды. Әрбір бөлім тыңдаушылардың қызығушылығын оятып, оларға теория мен практиканы шебер ұштастыра білді.

Жиын соңында мектеп директоры Рауасия Масалимова мен көшбасшы мұғалім Шынар Сарманова келесі оқу жылына арналған жаңа бағыттағы мектепішілік жоба – «EQ – Эко жүйе: Эмоционалдық интеллект – табысты тұлғаның кілті» атты тың бастаманың тұсаукесерін жасап, ресми түрде таныстырды. Бұл жоба – білім мен тәрбие процесінде баланың ішкі әлемін терең түсінуге, өзін-өзі тануына, эмоцияларын басқаруға мүмкіндік беретін заманауи бастама.
Семинар – ұстаздардың кәсіби дамуына тың серпін беріп, білім беру кеңістігінде эмоционалдық интеллектті дамыту – болашақ тұлғаны қалыптастырудың басты құралы екенін тағы бір мәрте айқындады.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button