Жарнама
Білім

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ЖАЛҒАСУДА

 

Аталмыш партия филиалының баспасөз қызметінің айтуынша, Білім күніне орайластырылған шарада 30-ға жуық оқушыға оқу құралдары мен мектеп формалары табыс етілді.

Шара барысында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев жиналғандарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, партия филиалы тарапынан мұндай қолдау облыс бойынша 140 балаға көрсетілгенін айтты. Сабақтарын жақсы оқып, ұстаздар мен ата-аналарының үлгі  тұтар  тәрбиелі балалары болсын деген ақ ниетін жеткізді.

Өз тілшіміз. 

* * *

Балалардың орта мектепке баруын толыққанды қамтамасыз ету мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Мектепке жол» акциясына атсалысушылар қатары жыл санап артып келеді.

Бұл ретте осы шараға орайластырылған басқосуда Құрманғазы аудандық аурухана, аудандық мәдениет үйі және аудандық экономика және қаржы бөлімі, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі атынан демеушілік көрсетіліп, оқушыларға сыйлықтар ұсынды.

Аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Тілекші Медеуғалиева: «Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру – біздің парызымыз. Ертеңгі күні елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан, ауданымыздың барлық мектеп оқушыларының жай-күйі – мемлекеттің назарында» дей келе, жаңа оқу жылымен құттықтады. Басқосу соңы концерттік шараларға ұласып, жиылғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Руфина Темірғалиева,

меншікті тілші,

Құрманғазы ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button