Мектеп директорының бір күні
2020-2021 оқу жылының қашықтан оқыту форматында басталғаны баршаға аян. Оның жергілікті жерде қалай жүзеге асып жатқанын білу мақсатында Құрманғазы ауданының Сафоновка ауылындағы Қадыр Мырза-Әли атындағы мектепке Whatsapp желісінен онлайн телефон қоңырау шалған едік. Мектеп директоры Сабыржан Жұпарғалиев қауырт жұмыс үстінде екен. ZOOM бағдарламасы арқылы ата-аналармен, ұстаздармен бейне-конференция өткізіп жатыр екен.
Сыналар сәт таяу
Күн тәртібінде – бірнеше мәселе. «Білім алушыларды және ата-аналарды қорытынды ат т е с т ат т ау ж ә н е Ұ БТ — н ы өткізу формасымен таныстыру және дайындық жұмыстары» жұртшылық үшін ең өзекті сауал екені рас. Мектеп бітірушілердің ҰБТ-ға дайындығын анықтау мақсатында қыркүйек айынан бастап тест орталығының сынақ тестілері орындалып, BilimLand сайтынан алынған тапсырмалары бойынша дайындыққа кірісіп те кетіпті.
ҰБТ-ға қатысатын оқушылар компьютерлік құрылғылар және интернет жүйесімен қамтамасыз етілген. Ауылда интернет желісі жақсы жұмыс жасап тұрғанын да мектеп басшысы сөз арасында айтып өтті. BilimLand сайтын мұғалімдер де, XI сынып оқушылары да түгелдей пайдаланып отыр. Қашықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін педагог оқытудың жаңа технологиясын, компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, жұмыс жасау білуі шарт.
– С о н д ы қ т а н , ұ с т а зд а р қ а ш ы қ т ы қ т а н ө т к і з і л і п отырған түрлі семинарлар мен вебинарларға, курстарға қатысып, білімдерін толықтыруда, — дейді мектеп директоры. Оқу жылы басында барлық ұстаздар Stepik асинхронды курсынан сәтті өтіп, барлық ұстаздар сертификат иеленіпті.
Ата-анамен байланыс
Өзіміз куә болған бейне-конференцияда қашықтан оқытуға байланысты ата-аналармен онлайн режимде түсінік жұмыстары жүргізілді. Қашықтан оқыту бойынша ата-аналарға арналған жадынамалар таратылғаны айтылды. Ата-анаға интернетті қалай пайдалану керектігі, онлайндық платформада жұмыс жасау қажеттігі түсіндірілді. Қашықтан оқытудағы үй жағдайында ата- ананың міндеттеріне айрықша тоқталды. Жаңа материалдарды меңгеру кезінде туындаған қиындықтарды кері байланыс жасау арқылы онлайн режимі бойынша жеке кеңестерді алуды ұйымдастыру мәселесі де қамтылды.
– «Баланы өздігінен жұмыс і с т еу ге ж ә н е о қ у ғ а қ а л а й ынталандыруға болады?» деген тақырыпта баланың бос уақытын дамыту, отбасылық қарым- қатынасты нығайтуға байланысты кеңестер берілді. Мектеп мұғалімдері мен техникалық қызметкерлерді шектеу шаралары кезіндегі нұсқаулықтармен т а н ы с т ы р ы п , к ү н д е л і к т і бағыттар ұсынылып отыр. Күнде таңертең оқушыларды қабылдап алып, бетперделерін тексеріп, а н т и с е п т и к қ о л д а н ул а р ы қадағаланады.
Сонымен қатар, мұғалімдер мен мектептің техникалық қызметкерлерінің, кезекші сыныптарда оқитын оқушылардың дене қызуы кіреберісте тексеріліп отырады. Барлық кезекші сыныптарда сабақтар санитарлық- эпидемиологиялық талаптарға сай өткізілуде, — деді Сабыржан Жұпарғалиев.
Табиғатпен үндескен тәрбие
Оқушыларды туған ауылдың табиғатын сүйіп, оны қорғап, қоршаған ортаға сүйіспеншілік пен мейірім шуағын таратуға тәрбиелеу – басты міндет. Құрманғазы орман және жануарлар дүниесі мемлекеттік мекемесімен бірлескен түрде ж ұ м ы с ж а с а й т ы н « Жа с ы л ж е л е к » ү й і р м е с і о с ы н ы көздейді. Жетекшісі – биология пәнінің мұғалімі Дәріжан Сейтекова. Аталған конференцияда шәкірттерді табиғатпен үндестікте өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында экологияны қорғау мәселесі жөнінде бағдарлама жасақтау ұсынылды.
Демеушілер де табылыпты
Ә л е у м е т т і к ж а ғ ы н а н әлеуметтік көмек қажет ететін отбасы ба ла ларын қолдау мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілгені мәлім. Білім және ғылым министрлігі мен «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі арасында atamekenim.kz порталы арқылы өтініштер мен мен тізімдер бойынша мұқтаж отбасыларға көмек көрсету туралы келісім жасалып, Қадыр Мырза-Әли атындағы орта мектебінен оған 60 ата-ана мен 60 бала тіркелген екен.
Акция барысында балаларды қашықтан оқытуға байланысты қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгені жөнінде ата-аналарды хабардар етті. Әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға қолдау көрсету үшін акцияға демеушілер, Сафон селолық округі, мәдениет үйі, мектеп ұжымы тартылыпты. Жартылай жетім, көп балалы, аз қамтылған 15 отбасының балаларына сөмке, оқу құралдары алып берілген.
Жақсының жақсылығын айт…
Мектеп басшысы ұстаздар мен оқушылардың онлайн режимінде ұйымдастырылған байқауларға қатысып, белсенділік танытып, жүлделі орындар иеленгенін мақтанышпен айтты.
«Дарын» онлайн олимпиадасына қатысқан қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Гүлнар Жұмағалиева, Эльмира Әбілқасымова жүлделі – І орын, биология пәні мұғалімі Дәріжан Сейтекова жүлделі ІІ орын алған. Ж.Көшербаеваның авторлық конкурсына қатысқан тарих пәні мұғалімі Әлия Бекқалиева Қадыр Мырза-Әлидің бес кітабын ұтып алыпты. Мектеп ұстаздары жеткен өзге де жетістіктер аз емес.
Қазір карантин ке зінде оқушылар кітап оқу үшін мобильді кітапхананы пайдалана алады. Оның тиімділігі а й т а р л ы қ т а й . Q R код т ы ң көмегімен әр оқушы кез келген уақытта өз смартфонына виртуалды сөреден өзі таңдаған кітапты, оқулықты жүктей алады.
Бұл қызметті кез келген 3G немесе Wі Fi ұстайтын смартфон, болмаса планшеттің иесі қолдана алады. Кітапты жүктеу үшін мобильді құралдың камерасын виртуалды кітаптың ж е к е ко д ы н а б а ғ ы т т а п мобильді интернет, әлде Wі F i же л і с і а р қ ы л ы ф а й л д ы электронды түрде жүктейді. Мектеп кітапханашысы Анар Құспанғалиева осы мәселені ата- аналар мен ұстаздарға түсіндіріп берді. Жаңа ақпараттық техн о л о г и я л а р д ы е н г і з у – бүкіл жұртшылықтың ойын жаңашылдыққа бұру және өзгерту.
Қашықтан оқыту кезінде ең бірінші ауыртпалық мұғалімдерге түсетіні баршаға мәлім. Сондықтан, оларға қандай құрмет көрсетіп, мақтау айтса да артық емес. Алыстағы Сафоновка ауылындағы Қадыр Mырза-Әли атындағы орта мектеппен онлайн режиміндегі байланыстан осындай ой түйдік.
Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА