Жарнама
Білім

Мақсатты мектептерді дамытудың жолы қандай?

Бүгін, 16 тамызда Атырау қаласындағы Д.Қонаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде тамыз конференциясы аясында “Баршаға қолжетімді сапалы білім: мектептерді бірлесе дамыту стратегиялары” тақырыбында секция жұмысы өтті.

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы “Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты ұйымдастырған секция жұмысында “943 – елдің мақсатты мектептерін дамыту” жобасы шеңберінде мектеп басшылығы мен әдіскерлердің кәсіби қызметінің стратегиялық бағыттары айқындалды.
Оған мектеп директорлары, облыстық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, сондай-ақ аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.

–Мемлекеттік жоба болғандықтан, оған бәріміз бір кісідей атсалысуымыз қажет. Осы жұмыс нәтижесі бойынша біз келесі жылы үздік он мектеп директорын анықтап, 3 немесе 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы беру жолын қарастырамыз, — деді алқалы басқосуға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.


Айбөпе САБЫРОВА
Суреттерді түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button