МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ
Биыл аталған оқу орнын ауыл шаруашылығы, есеп және аудит, бағдарламашы мамандығы бойынша бітіргендердің арасында 30 студент «үздік диплом» иегері атанған. «Ветеринария» мамандығын биылғы жылы үздік тәмамдаған Еркебұлан Ержанұлы Құрманғазы ауданында, Дәшін селосында «Дипломмен — ауылға» бағдарламасы аясында жұмысқа орналаспақ. «Әкемнің жеке қожалығы бар. Бала кезімнен бері әкемнің жанында көмектесіп жүргендіктен, өзім осы саланың білгірі болуды алдыма мақсат тұттым. Өңіріміздегі төрт түлікті, әсіресе, «Ақбас сиыр», «Адайдың жылқыларының» басын көбейтіп, облысымыздың, еліміздің ауыл шаруашылығының өркендеп қанат жаюына өз үлесімді қосқым келеді», — дейді түлек.
Түлектердің көпшілігі Еркебұлан секілді өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуды көздеп отыр. «Егеменді еліміздің гүлденуіне өзіндік үлес қоссам», — деген жас жүректің лүпіліне біз де тілеулес болып, олардың алда биік белестерді бағындыруына сәттілік тіледік.
Н.ЫСМАҒҰЛОВА.