Жарнама
Білім

МАҚТАН ТҰТАР АЛТЫН ҰЯМЫЗ

Мұндағы оқу жылының басында, алғашқы сабақтарда-ақ жаңаша, жағымды әсерге бөленгендей сезіндім десем ше? Бұл, бәлкім, ауыл мен облыс орталығының өзгешелігінен болар да, әйтсе де бұл жерде басқа да, негізгі леп деп айтқан жөн болар, себептері де аңғарылды десем ше? Бала болсақ та байқап жүрдік дей аламын, мұғалім ағай-апайларымыз оқушылар тәрбиесіне бір кісідей жұмылған, өзара түсіністікпен өздеріне тартып тұрады. Сурет сабағынан беретін Д.Арнауытов деген мұғалім класқа кіріп, қолында бор, тақтаның қасында тұрып бір сөзді қайталаңқырап: «Сейчас рисуем, рисуем, рисуем», сосын ойланып барып «вот что» дейтін жері ғой. Сол сәтте оқушылардың бірі сөз араластырып ағайға «Рисуем бочку что ли?». Мұғалім «нет, не бочку, а рисуем кружку» дегенде бәріміз де күлдік. Ағайымыз есте қалыпты.
Ән сабағынан беретін Жадыра Шүғаенова апайымыз келгенде оқушыларды бір жадыратып кететін. «Біз, қазақ, ежелден еркіндік аңсаған» Әнұранына бәріміз қосылып жаттап алатынбыз. Хорға дайындалып, сергіп қалатын едік. Білікті оқытушылар Мағжан Ишанов, тарихшы Ғ.Амандосовты қалай қалдыра аламын атамай.
Тәрбиешілеріміздің ішіндегі ерекше атап өтетін ағайымыз – республика көлемінде танылған ғұлама ағартушы ғалым. Сабыр Қазыбаевты, кезінде жас сәбиді арқалай мектептерді көруге шығып тұрған аты аңызға айналған Қатира Дүтбаева апайымызды, өз мамандығына құлай берілген, терең біліктілігі, еңбекқорлықтың өнегесі бірауыздан аталған математик Жапақ Қаражігітовті арнайы атап өтсек ше?
Сәкең-Сапар Қазыбаев «мақала жазыңдар, өлең жазыңдар» деп тапсырмалар беріп отыратын. Сәкең біздің сынып жетекшіміз де болған-ды. Біздер училищенің төртінші түлектері едік. Өз деңгейлерінде шәкіртіне лайықты білім, тәрбие бере білген ұстаздарды да, оқу орны – педагогикалық училищенің өзін де мақтан тұтуымыз жалғаса бермек.

Теңдік ЖАУЫРҰЛЫ,
Қазақстанның құрметті журналисі, доцент,
Атырау педагогикалық училищесінің
(гуманитарлық колледж) түлегі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button