Жарнама
Білім

Жаңа оқу жылында үш жайлы мектеп ашылады

Атырау облысында Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында білім беру саласы қарқынды дамып келеді. «Келешек» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде өңірде 2023–2025 жылдар аралығында барлығы 9 жаңа мектептің құрылысы жоспарланған.

2024–2025 оқу жылында бұл жобаның алғашқы нәтижесі көрініс тауып, үш бірдей жаңа мектеп пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Атырау қаласы, Водниково ауылындағы 1200 орындық №50 орта мектеп, Береке ауылындағы 1200 орындық №47 орта мектеп, Сарыөзек ауылындағы 300 орындық №46 орта мектептері ашылды.

Қазір аталған үш білім беру мекемесінің лицензия алу рәсімі жүргізілуде.

Облыстық білім беру басқармасының басшысының орынбарасы Света Аманшиеваның хабарлауынша, №46 орта мектеп 408 оқушы білім алуда, педагогикалық құрам – 59 мұғалім. Ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны – 174. Ал №47 орта мектепте 1140 оқушы, 97 мұғалім бар. Ыстық тамақпен 437 оқушы қамтылған. №50 орта мектепте 1091 оқушы білім алады, 102 педагог қызмет етуде, 545 оқушы ыстық тамақпен қамтылған.

Бұл мектептер қазіргі заман талаптарына сай жабдықталып, сапалы білім алуға қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етілген.

Жаңа оқу жылында әрқайсысы 900 орынға арналған тағы үш жаңа мектепті іске қосу жоспарланып отыр. Олар “Жұлдыз-2”, “Жұлдыз-3” және “Ақсай-2” шағынауданындарында ашылады.

-Аталған білім ордалары пайдалануға берілгенде қаладағы №25 (Ақсай ауылы), №26 және №44 (Ақжар ауылы), сондай-ақ №39 (“Жұлдыз” шағынауданы) мектептеріндегі оқушы жүктемесі азайып, барлығы 1535 бала жаңа білім ордаларына ауысады. Бұл өз кезегінде №39 орта мектептегі үш ауысымды оқу мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді. Бүгінде педагог кадрлардың тапшылығы жоқ – жаңа мектептерге қажетті мамандармен қамтамасыз ету толықтай шешілген, — дейді С.Аманшиева.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button