Білім

JasScience Day: жас ғалымдардың басын қосты

Атырау қаласында Yemaa заманауи мәдениет орталығында JasScience Day іс-шарасы ұйымдастырылды. Бұл жиын заманауи ғылымға, білім берудегі әлемдік трендтерге және мұғалімдер, оқушылар және үкіметтік емес ұйым өкілдері тарапынан ұсынылған Атырау облысындағы үздік STEAM жобалар байқауының финалына арналды.

Аталған іс-шарада Қазақстанның жетекші сарапшылары мұғалімдер мен оқушыларға педагогика және болашақ мамандықтары туралы дәрістері мен шеберлік сыныптарын өткізді.
Сондай-ақ IT, биология, химия саласындағы облыстың болашағын өзгертуге қабілетті инновациялық идеялар мен әзірлемелер таныстырылды.

Іс-шараға арнайы қатысқан қонақтардың қатарында Tik-Tok жұлдызы, химия пәнінің мұғалімі, Forbes 30-ға дейін 30 жеңімпазы Ұлан Үсенов, «Қазақстанның 100 жаңа есімі», аквапоника мен гидропоника саласындағы әлемдік сарапшы, экологиялық пластик өндірісі бойынша халықаралық сарапшы Диас Тастанбеков, балаларға арналған астрономия саласындағы жаңашыл, «Astro Astan» авторлық астрономия мектебінің негізін қалаушы Артур Гайдук болды.

Сонымен қатар Қазақстанның басқа да ғылым саласындағы танымал тұлғалар қатысты.

Айя КОКАЗОВА,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ІІІ курс студенті

Суреттерді түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button