
Ізденіс табысқа жетелейді
Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғарғы колледжде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның филиалы «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» «Action Research: табысты ұстаз тәжірибесінде» командалық жоба жұмысын қорытындылау мақсатында «Ізденіс – табысқа жетелейді» тақырыбында облыстық педагогикалық идеялар жәрмеңкесінің “ашық есік” күні өтті.

Іс-шараның мақсаты — облыстың педагог-зерттеушілерінің оқу үдерісінде «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілі ретінде озық тәжірибелерін тарату.
-Шығармашыл мұғалімдердің жұмысын зерттеп, озық тәжірибесін тарату мақсатында «Action Research: табысты ұстаз тәжірибесінде» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шара командалық жоба жұмысы 1 жыл бұрын басталды. Педагог-шеберлер мен педагог-зерттеушілерден тұратын командалық жоба мүшелері педагогикалық жәрмеңкеде көшбасшы мұғалімдерге 6 аудиторияда “карусель” әдісі бойынша шеберлік сағатын өткізеді,- дейді орталықтың аға оқытушысы Майя Әжіғұлова.
Айта кету керек, іс-шараға 12 көшбасшы мұғалім 150 қатысушы педагогке өздерінің тәжірибесін таратып, іс-әрекеттегі зерттеу бойынша құнды ақпараттармен бөлісті.
Тоғжан ЕРМЕК