Жарнама
Білім

Губкин университеті енді Атырауда!


UTEBAYEV UNIVERSITY базасында И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай-газ университетінің ресми филиалы ашылып, алғашқы студенттер білім алуға кірісті. Мұнай-газ саласының әлемдік көшбасшыларының бірі саналатын бұл оқу орны енді болашақ инженерлер мен ғалымдарды өз елімізде даярлауға жол ашып отыр.

66885ef8 cfe5 4865 b2e8 41ea35969f5e


Салтанатты жиын барысында Филиал директоры Майер Владимир сөз сөйлеп, қазақстандық студенттердің Губкин университетінің жетекші профессорлары мен тәжірибелі ғалымдарынан тікелей дәріс алу мүмкіндігіне ие екенін ерекше атап өтті. Бұл – білім сапасының жоғары деңгейін, сондай-ақ ғылым мен өндірістің өзара тығыз байланысын қамтамасыз ететін үлкен артықшылық.
Атыраудағы филиалда студенттерге заманауи зертханаларға, симуляциялық оқу орталықтарына, бірегей білім беру бағдарламаларына кең қолжетімділік қарастырылған. Оқу үдерісі теория мен тәжірибені ұштастыруға бағытталған. Студенттер нақты өндірістік процестерді модельдеу, зертханалық жұмыстар жүргізу арқылы терең білім алып, мұнай-газ саласында жоғары білікті әрі бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасады.

30e05228 d847 474b af30 3f7863ad9877


Айта кетейік, биыл ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырысы бойынша Губкин университетінің филиалында 100 студентке білім гранты бөлінді. Олар «Мұнай-газ құбырлары мен сақтау қоймаларын салу және пайдалану», «Мұнай-газ технологиялары», «Кен орындарын геологиялық модельдеу» бағдарламалары бойынша білім алады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button