Жарнама
Білім

Елімізде ректорлық корпустың 50%-дан астамы жаңартылды

Қазақстанда конкурс өткізу арқылы ректорларды тағайындаудың жаңа жүйесі енгізілді.

Үкіметтік баспасөз қызметінің хабарлауынша, ректорлық корпустың 50%-дан астамы жаңартылды. Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының түлектері, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары арасынан жас басқарушылар келді. Академиялық басымдық орталықтарын құру бойынша шаралар қабылданды.

Алдағы уақытта 7 ЖОО базасында Академиялық басымдық орталықтарын құру үшін 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстарға қатысады деп жоспарлануда. Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ базасында инженерлік білім мен ғылымдағы жаңа технологиялардың ғылыми-зерттеу хабын құра отырып, 2022-2026 жылдарға арналған даму бағдарламасы әзірленді.

Бес жоғары оқу орнына (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) зерттеу университеті мәртебесі берілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button