Атырауда «Дарын» білімділер сайысы жалғасуда

img 6620 Білім

«Atyraý» телеарнасының оқушылар арасындағы «Дарын» білімділер сайысы алдағы наурыз айынан бастап эфирге қайтадан оралады. Бұл жолы білім бәйгесіне аймақтағы X сынып оқушылары қатысса, мамыр айында XI сынып оқушылары бақтарын сынайтын болады.
–Өткен жұмада жеті аудан мен облыс орталығында орналасқан оныншы сынып оқушылары жобамыздың алғашқы іріктеу сайысына қатысты. Мұнда 162 мектептен келген 816 оқушы тоғыз пәннен құралған тоқсан сұраққа жауап беруге тиісті. Телевизиялық білім бәйгесі жеті ауданның аудан орталықтарында өтті. Ал қалада Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде ұйымдастырылды, – деді жоба ұйымдастырушысы Амандық Есқали.
Айта кетейік, қатысушылар ішінен ұпай сандары жоғары деген 32 оқушы әрі қарай телесайысқа қатысуға мүмкіндік алады.

Мәлике МӘЛІК

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз