Жарнама
Білім

ДАНЫШПАНДЫҚ ДӘРІСІ

 

Кеште тәрбиеші-педагогтар арасында Абайдың қара сөздерінен жарыс ұйымдастырылып, ақын өлеңдерінен кроссворд пен криптограммалар құрастырылды. Ақынның аудармасы – Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа»  мысалынан қойылым көрсетілсе, балалар Абайдың «Жыл мезгілдері» туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Осылайша, кеш «Ана тілім – тірлігімнің айғағы» атты шараға ұласты. Балалар тіл мерекесіне арналған өлеңдер мен мақал-мәтелдер айтып, үлкен белсенділік танытты.

Тәрбиешілер Д.Сабырғалиева, А.Иманғалиева, К.Жұмаханова, Р.Исмағұлова, Г.Дүйсемалиева, Г.Оразалина, Л.Құспанғалиева, Б.Қанатова, Ж.Көшқалиева және А.Оразалина кітап көрмелерін ұйымдастырып, өлеңдер оқып, «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін нақышына келтіре орындап берді.

Кеш соңында белсенділік танытқан педагогтарға «Абайдың қара сөздері»  кітабы  сыйлыққа  берілді.

Лида СӘРСЕКЕНОВА,

№8 «Ақбота» шипажай типті

бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button