ДӘРІС БЕРУДІҢ ЖАҢА САТЫСЫ
«Қалай жақсы оқытуға болады?», «Оқуға үйретудің сапасын қайтсек жақсартамыз?» деген сұрақтарға ұстаздар қауымы аталған институттан жауап алуда. Сондай-ақ, Назарбаев зияткерлік мектебінің «Педагогикалық шеберлік орталығындағы» деңгейлік курстар да ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыруда үлкен рөл атқарады. Кембридж университетінің білім беру факультеті ұсынған әлемнің бірқатар елдеріндегі оқыту мен оқуда оң нәтиже берген модульдер мұғалімдерді өз тәжірибесін зерделей білуге дағдыландырып отыр.
Оқу мен оқытуға жаңаша көзқарас әкелген жаңа жобаның өлкеміздегі білім жүйесіне тың бастамалар мен сапалық нәтиже беруі біздің ілгерілеуіміздің айғағы болмақ. Осы орайда отандық білім беру жүйесіне Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін енгізген «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына өркениет көшіндегі білім кемесінің сапары сәтті болғай дегіміз келеді.
Бақберген ҚАРАБАЕВ, Исатай аудандық білім бөлімінің басшысы.