Білім

“BUSINESS ACADEMY” МВА бағдарламасының түлектеріне диплом табысталды

UTEBAYEV UNIVERSITY MBA бағдарламасының кезекті тобы магистрлік жобаларын сәтті қорғап, оқуды табысты аяқтады. Бағдарлама түлектері өз салаларында көшбасшы болуға даярланған білікті мамандар ретінде еңбек нарығына қадам басуда.

Биыл MBA бағдарламасын 17 түлек аяқтады. MBA бағдарламасы жоғары білікті оқытушылар мен бизнес саласындағы тәжірибелі мамандарды біріктіреді, бұл студенттерге тек теориялық білім ғана емес, сондай-ақ нақты бизнес-тәжірибе алуына жағдай жасайды.

Бағдарлама барысында қатысушылар стратегиялық шешім қабылдау, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, маркетинг және қаржылық басқару секілді дағдыны қалыптастырды. MBA бағдарламасының түлектері аймақтық және халықаралық деңгейдегі ірі компаниялардың спикерлерінен дәріс алып, шетелдерде тәжірибеден өтті.

-Бұл академиялық дәреже кәсіби басқару саласында білім алған мамандарға беріледі. MBA бағдарламасының түлектері алдағы уақытта аймақтың және елдің дамуына өз үлестерін қосарына сенімдіміз, — деп атап өтті университет ректоры Гүлзада Шакуликова.

Айта кетейік, UTEBAYEV UNIVERSITY МВА бағдарламасы кәсіби бизнес көшбасшыларының жаңа буынын даярлайды. Модульдік нысан жұмыстан қол үзбей оқытуды, шетелдік тағылымдаманы, коммуникациялық мүмкіндікті кеңейтуді көздейді.

МВА бағдарламасы мұнай инженериясы, энергетика саласындағы әйелдер көшбасшылығы, тұрақты даму, ақпараттық технологиялар, адами ресурстарды басқару бағытында оқытады.

Құжат тапсыру ережелері мен қосымша сауалдарға жауапты www.aogu.edu.kz сайтынан, +7775 754 0117 телефон нөмірінен және @institute_mba_atyrau инста парақшасынан алуға болады.

Мәлике МӘЛІК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button