БОЛАШАҚ КІЛТІ – БІЛІМДЕ

Бүгінгі заман мұғалімдерінің алдында шәкіртке сапалы білім берумен ғана шектелмей, оны келешек өмірге дайын азамат ретінде қалыптастыра білу міндеті тұр. 
Жалпы, бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуында жетекшi рөл атқарады десек, жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер оқытушыдан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елу елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» деп атап өткен еді. Сондықтан да, бүгінде оқытудың түрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтердің іс-тәжірибесі зерттеліп, колледж өміріне енуде.

Қазір сапалы білімді жоғары білікті кадрлар қамтамасыз ете алады. Осыған байланысты педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінде кеңкөлемді көмек беретін бірден-бір орталық – «Өрлеу». Біліктілікті арттыру жүйесінің негізгі міндеті – мамандардың курс аралық дайындығы арқылы кәсіби деңгейін жетілдіру болса, осы бағытта Атырау аграрлы-техникалық колледжінде бірнеше ондаған маман өз білімін көтерді. 
Уақыт талабына сай, заманауи білім беру үшін отандық біліктілікті арттыру курстарына бүгінгі таңда жаңа талаптар қойылып отыр. Сондықтан, «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жүргізілетін жұмыстардың әдістерін, түрлерін, мазмұнын әрдайым жетілдіріп келеді. Бұл үрдіс өз кезегінде студенттердің білімінен айқын көрінеді деп сенеміз.

Болат ҚОЖИЕВ,
Атырау аграрлы-техникалық колледжінің директоры,
экономика ғылымдарының кандидаты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз